Қарағандыда сауда үйінің жанынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
31 желтоқсан күні сағат 9:47-де "Аян" сауда үйінің маңында 12 шағын ауданда 71 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Әйелдің денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмаған. Оқиға орнынан бейне әлеуметтік желілерде тараған.
Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.