Қарағандыда құтқарушылар жарылыстың алдын алды

Бүгiн, 08:55
145
Бөлісу:
Қарағандыда құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Фото: Арман Мухатов -архив

Қарағанды облысында құтқарушылар өрттен бір әйелді құтқарып, газ баллондардың жарылуының алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, Абай қаласында екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт шығып, өрт шаруашылық құрылысқа ауысқан.

Өрт сөндіру кезінде ТЖМ құтқарушылары 1971 жылы туған әйелді құтқарды. Оны жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар, өрт салдарынан 1971 жылы туған пәтер иесі орталық ауруханаға жатқызылды, - деп атап өтті ведомстводан.

Өрт сөндірушілер екі пәтерден көлемі 27 литрді құрайтын 2 газ баллонын шығарды, Өрт толығымен 80 шаршы метр алаңда сөндірілді.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы