Қарағандыда құрылыс алаңында өрт шықты

Бүгiн, 14:14
167
Бөлісу:
Қарағандыда құрылыс алаңында өрт шықты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды қаласында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің ауласында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Дүйсембеков көшесінде болған. Өртті Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері дер кезінде сөндіріп, оның таралуына жол бермеген.

Мәлім болғандай, от кеңсе ретінде қайта жабдықталған контейнерден басталған. Жалынның жалпы аумағы 60 шаршы метрді құраған.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды қысқа мерзімде ауыздықтап, оның көрші контейнерге таралуына жол бермеді. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, — деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы