Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

25 Қыркүйек 2025, 16:25
477
Бөлісу:
 gov.kz
PHOTO
Фото: gov.kz

Қарағанды облысында Халықаралық жұмысшы жастар форумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Іс-шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден келген мыңға жуық жас мамандар, студенттер, кәсіпорындар мен білім беру ұйымдарының өкілдері жиналды.

1Ұрпақтан ұрпаққа: болашаққа жол бүгіннен басталады1 атты форум аясында жұмыспен қамту, мансаптық өсу, кәсіби даму мәселелері талқыланып, қатысушылар тәжірибе мен идея алмасып, болашақ серіктестікке негіз болатын жаңа байланыстар орнатты. Қонақтар қатарында АҚШ, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген делегациялар болды.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Сіздер — еңбектен қашпайтын, өсуге, дамуға және жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын жас буынсыздар. Дәл осындай мамандар өндіріс, энергетика, көлік пен құрылыс саласын ілгерілетеді. Форумда айтылған барлық ұсыныс пен идея ескерілетін болады. Мемлекет тарапынан әрқашан қолдау бар. Президенттің бастамасымен бұл жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғаны да осының дәлелі. Бұл — еліміздің болашағы үшін жас мамандардың маңызын айқындау, — деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. 

Бүгінде өңірде мыңға жуық зауыт пен фабрика жұмыс істейді. 

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Бүгінде өңірде мыңға жуық зауыт пен фабрика жұмыс істейді. Онда 130 мыңнан астам адам еңбек етсе, олардың 23 мыңға жуығы — жастар. Ел ертеңі — осындай жігерлі жастардың қолында. Форумда жас буынға жігер беретін оқиғалар да айтылды. ECO Network жобасының негізін қалаушы Евгений Мұхамеджанов жастарды армандаудан қорықпай, жаңа бастамаларға батыл қадам жасауға шақырды: — Жастардың қуаты — шексіз. Бастысы — сәтті жіберіп алмау, — деді ол.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

 

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Көпшіліктің жүрегіне әсер еткендердің бірі — протезбен жүгіріп, Қазақстан чемпионы атанған әрі халықаралық жарыстардың жүлдегері, IT-маман Айсұлу Сүлейменова. Ол өмірінің ауыр сынақтарын еңсеріп, берілмей алға ұмтылғанын әңгімеледі.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Форум диалог алаңы ғана емес, еңбектің үздіктерін марапаттайтын мәртебелі сахнаға айналды. 

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

"Еңбек жолы" республикалық конкурсының аймақтық кезеңінде жұмысшы мамандықтарының абыройлы өкілдері марапатталды.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Шахтинск қаласынан келген Волокитиндер әулеті "Үздік еңбек әулеті" номинациясын жеңіп алды — бұл еңбектің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатынының айқын үлгісі. 

Балқаштық Ерлан Сыздықов "Жұмысшы жастың үздік тәлімгері" атанды. 

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Ал КТЖ "Жүк тасымалы" филиалының жетекші инженер-технологы Жұлдызай Байдүйсен "Үздік жас өндіріс қызметкері" номинациясында оза шапты. Оның отбасының барлығы теміржол саласында еңбек етеді, сондықтан мамандық таңдауы бала кезінен айқын болған.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

— Мен еңбек жолымды қабылдап-тапсырушы қызметінен бастадым. Оқыдым, іздендім, еріктілікпен айналыстым. Бүгінде жауапты қызмет атқарып жүрмін. Жұмысшы мамандықтары үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын өз тәжірибемнен білемін, — деді Жұлдызай.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Форумның ең әсерлі сәттерінің бірі — "Kemel Keleshek" жастар сыйлығын табыстау болды. 16 номинация бойынша өндіріс, көлік, спорт, мәдениет саласына бүгіннен бастап елеулі үлес қосып жүрген жастар марапатталды.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

Мәселен, Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысшысы Дархан Желібаев «Мәдени және әлеуметтік дамуға қосқан үлесі үшін» сыйлығына ие болды. Ол мұндай кездесулердің маңызын ерекше атап өтті:

— Бұл — өзге өңірлерде жастарды қолдау бағдарламалары қалай жүзеге асырылатынын білуге, тәжірибе бөлісуге және жаңа серпін алуға тамаша мүмкіндік. Бүгін жұмысшы мамандықтарының болашағы зор. Бастысы — әрекеттен қорықпау, — деді ол.

Қарағандыда өткен жұмысшы жастар форумы мыңға жуық жасты бір арнаға тоғыстырды

 

 

Өзгелердің жаңалығы