Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда "отбасыңа қауіп төнеді" деп 700 мың доллар бопсалаған күдікті ұсталды

14 Қараша 2025, 15:16
589
Бөлісу:
 BAQ.KZ  - архив
Фото: BAQ.KZ - архив

Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны полицияға белгісіз адамдардың қысым көрсеткені туралы шағымданған. Оның айтуынша, олар кәсіпкерге және оның отбасы мүшелеріне күш қолданатындарын айтып, 700 мың АҚШ долларын талап еткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер 30 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды қаласының мамандандырылған тергеу соты санкциясымен күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда, деп хабарлады Қарағанды облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жөндеу жүргіземін деген жігіт 100 миллион теңге алып, “жоғалып” кеткенін хабарладық. 

Өзгелердің жаңалығы