Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды.
Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрттің алдын - ала нұсқасы-электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.