Қарағанды облысында өгей әке 15 жасар қызды 38 жастағы жігітке үйлендірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оқиға туралы ақпаратты NeMolchi қоры әлеуметтік желілерде жариялады. Айтуларынша, қыздың ағасы олармен байланысқа шығып, болған жағдайды айтып, көмек сұраған.
Шұғыл жағдай Қарағанды облысының Абай қаласынан түсті. 15 жасар қызды өгей әкесі 38 жастағы жігітке күштеп "күйеуге" берген. Қыздың ағасы бізбен хабарласты: бес күн зорланған қыз туған әкесіне қашып үлгерген. Және олар бірден арыз берді. Бірақ әдеттегідей: өтініш қабылданбай, сараптамаға жіберілмеген. Біздің араласуымыздан кейін қыз Қарағандыға сараптамаға жіберілді, бірақ ілеспе тергеуші құжаттарды дұрыс толтырмай, қызды сараптамасыз кері қайтарды, - деп жазады NeMolchi қоры.
Қарағанды облысының полиция департаменті 15 жасар қызға жасалған қылмысқа қатысты хабарлады.
Осы қылмысқа қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сондай-ақ тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтерді жария етуге жатпайды, - деді департаменттегілер.