Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусым күні Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Объективте-Қарағанды» библитфотокросс өтті.
Шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.
Биыл алғаш рет жарияланған байқауға 18-30 жас аралығындағы жастар қатысты. Фотокросс кітап оқу мен суретке түсіру арқылы тұрғындарының қаламызға деген сүйіспеншілігін арттырып, жастардың өмірлік ұстанымдарын дамыту мақсатында өткізілді.
Кросс барысында 9 команда жасақталды, қатысушылар арасында: фрилансерлер, фотографтар және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ, ҚарТУ, Қарағанды медицина университеті, Жоғары политехникалық колледжі, көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінен студенттер бар.
Шара Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Дина Базарбайқызының сөзімен басталды.
Кітапхана ұжымымен әрқашан осындай тың жобаларды іске асыруға тырысамыз. Бүгінгі фотокросс аймақ жастарының өзгеше көзқарасы мен креативті идеяларын жүзеге асыратын алаңға айналып, келесі жылдары да өз жалғасын табады деген үміттемін.Байқау барысында қаламыздың әдемілігімен қатар кемшіліктері мен экологиядық мәселелеріне де тоқталыңыздар. Жүрегінде туған қаласына деген махаббаты бар әр тұрғын айналамызды таза ұстап, қоршаған ортамызға жауапкершілікпен қарауға тиіспіз! Бүгінгі шара қаламызға пайдалы болады деп сенемін!,- деді.
Байқау шарты бойынша әрбір қатысушы-команда кітапхана ұсынған 3 тақырыпты фотосуреттерімен аша алуы қажет. Тапсырманы орындауға топтарға 4 сағат уақыт берілді. Командалар «Табысты адам-оқитын адам» тақырыбы бойынша қаламызда танымал тұлғаларға қойылған ескерткіштерді, екінші: «Кітап. Табиғат. Қарағанды» кезеңінде өңір табиғатын, зообақ пен субұрқақтарын түсірсе, үшінші тапсырмада әр команда өз атауын сипаттайтын фотосуреттер түсіруі қажет болды. Қатысушылардың жұмысын фотосуретші, Халықаралық фотографиялық өнер федерациясы атағының иегері, қазылар алқасының төрағасы-Ю. Варыгин, фотосуретші, «Караганда» фотоклубының басшысы-Т. Кудеринов, «Индустриальная Караганда» газетінің фотографы-А. Марченко бағалады. Әділқазылар шешімімен Жоғары политехниалық колледжінің студенттерінен құралған «Құтқарушылар» командасы бас жүлдеге ие болды.
Жарысқа шақыртуды достарымнан естіп бірден команда жинап қатысуға қамдандық. Басында жеңіл болады деп ойлағанбыз, артынан тапсырма алған кезде біраз ойланып бас қатыруға тура келді. Жарыс жақсы оймен керемет туындылар тудырады екен. Байқау болатын кітапханаға келген кезде облыстағы мәдениет жанашыры Эльмира Сайлауқызының берген бағыт бағдарларының арқасында жеңіске деген ұмтылысымыз күшейе түсті. Фотолар арқылы барлық айтқымыз келген ойымызды жеткізе алдық деген сенімдеміз. Ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз,- дейді «Құтқарушылар» командасының командирі Дәуіт Жанболат.
Байқау соңында жеңімпаздар марапатталып, бас жүлде иегерлері - 250 мың, 2-орын - 180 мың, 3-орын - 100 мың, «Ең үздік кадр» номинациясы - 80 мың, қалған 5 команда ынталандыру сыйы ретінде 50 мың теңгелік жүлде қорына ие болды.