Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі

14 Қыркүйек 2023, 13:03
630
Бөлісу:
Қарағандыда мүгедектігі бар адамдарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі

Ten Qogam орталығында мүгедектігі бар адамдарға тегін заңгерлік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығының заңгері мүгедек адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне кез келген заң көмегін тегін көрсетеді. 

Заңгер Мақсұт Ақмағамбетов Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін бітірген, құқық магистрі. Жұмыс өтілі – 13 жыл. Жұмыс кестесі: сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі 09:00-ден 18:00-ге дейін. Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 5 кеңсе. Байланыс телефоны: +7-777-540-44-94, 36-14-74, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы