Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

15 Желтоқсан 2024, 17:09
576
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

14 және 15 желтоқсанда "Қарағанды-Арена" мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республикалық біріншілікке 100-ден астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Михаил Шайдоров, Ахат Бралин, Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина, Анна Левковец және Софья Фарафонова бар.

Чемпионат бағдарламасы:

14 желтоқсан (қысқа бағдарлама):

10:00-15:15 – спорт шеберіне кандидаттардың өнер көсетуі;

15:30 – чемпионаттың ашылуы;

16:00-19:30 – спорт шеберлерінің қойылымдары және спорттық билер.

15 желтоқсан (еркін бағдарлама):

11:00-16:00 – спорт шеберіне кандидаттардың өнер көрсетуі.

16:00-20:00 – спорт шеберлерінің қойылымдары және спорттық билер;

20:00-20:45 – көрсетілімдік қойылымдар;

20:45-21:15 – марапаттау.

Өзгелердің жаңалығы