Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда күрес түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

4 Сәуір 2025, 03:52
851
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

3 сәуірде Қарағандыда күрес түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Алғашқы жүлделер грек-рим күресінің балуандары арасында сарапқа салынады.

5 сәуірде әйелдер арасындағы жарыстар басталады. Ал 6 сәуірде еркін күрес балуандары медаль үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, әр жарыс күнінің финалдық бөлімдері сағат 18:00-де басталады.

Жастар чемпионатынан кейін, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді.

Өзгелердің жаңалығы