Қарағандыда көп қабатты үйдің дәлізінен жаңа туған нәресте табылды

Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 Ақпан 2024 2024, 23:08
АВТОР
 polisia.kz 24 Ақпан 2024 2024, 23:08
24 Ақпан 2024 2024, 23:08
1572
Фото: polisia.kz

Қарағандыда полиция тастанды нәрестенің анасын іздеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел басқару орталығына ер азамат қоңырау шалып, оңтүстік-шығыс ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінің дәлізінде жас нәрестенің жатқаны туралы айтқан.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары баланы үсік шалудан аман сақтап қалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның анасын және оқиғаның мән-жайын анықтауда. Нәресте жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Наверх