Қарағандыда көлік суға батып кетіп, екі адам қайтыс болды

10 Шілде 2022, 16:07
1746
Бөлісу:
Қарағандыда көлік суға батып кетіп, екі адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жеңіл автокөлік суға батып кетіп, екі адам қайтыс болды.

Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Көлік жол шетіне ұшып кетіп, арыққа батып кеткен. Белгілі болғандай, оқиға 9 шілде күні сағат 18.15 шамасында «Қарағанды-Қарқаралы» автожолының 34-ші шақырымында болған. «Ауди 80» автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік жол шетіне шығып кетіп, суға батқан. 

Өтіп бара жатқан жүргізушілер жолаушыларды құтқаруға тырысқан. Арқанның көмегімен бірнеше адам көлікті судан шығарып алмақ болған.

Жол апаты салдарынан 70 және 56 жастағы жолаушылар оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - делінген облыстық ПД таратқан хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы