Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда кафеде жарылыс болды

10 Наурыз 2025, 11:28
967
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Құтқарушылар екі газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, үлкен апаттың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қарағандыда бір қабатты, жеке тұрған кафеде ағаш конструкциялар жанған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін газ-ауа қоспасының жарылысы болған.

Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері екі тұрмыстық газ баллонды алып шықты. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпығанымен, жедел сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы