Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағандыда ІТ-мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

23 Мамыр 2025, 15:25
1269
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қарағандыда ІТ-мамандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

29 мамыр сағат 17:00-де Қарағандыда IT және digital мамандарына арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Ізденушілерге әлеуеті зор қарағандылық компанияларда орындар ұсынылады.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі мәлем еткендей, жәрмеңке "Террикон алқабы" ІТ-хабында өтеді. Мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.

Жәрмеңкеге түрлі компаниялардан барлығы 50 бос жұмыс орны ұсынылады.

Ізденушілерге қойылатын ең төменгі талаптар: 18 жастан жоғары және Junior немесе Middle стегінен IT саласындағы дағдылардың болуы.

Жәрмеңкеде тәжірибелі рекрутер жұмыс істейді, ол жас мамандарға түйіндеме жасауға көмектеседі және әңгімелесуден өту және жұмыс іздеу мәселелері бойынша кеңес береді. Сонымен қатар IT саласындағы мамандармен нетворкинг өтеді.

Өзгелердің жаңалығы