Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болды

Құтқарушылар оны қауіпті әрекеттен аман алып қалды.

 видеодан скриншот 21 Қараша 2026, 11:19
21 Қараша 2026, 11:19
42
Фото: видеодан скриншот

Оқиға Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданында, Бұқар жырау даңғылы бойындағы теміржол вокзалы маңындағы көпірде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағының қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарынан кейін базаға қайтып келе жатқан. Сол кезде олар көпір қоршауынан асып, төменге секіруге әрекеттенген ер адамды байқап қалған.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, ер адамды ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарған.

1986 жылы туған азамат оқиға орнына келген полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Наверх