Қарағанды облысында екі баласын өлтірді деген күдікпен ұсталған ана қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
4 сәуірде Бұқар Жырау ауданының ауылдық жерлерінің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 2-4 жас шамасындағы екі баланың денесі табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен олардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген хабарламада.
Аталған іс Қарағанды облысы ПД бастығының бақылауында.
Еске салсақ, Түркістанда да екі кішкентай баланы өлтірді деген күдікпен анасы ұсталған болатын. Ол жалдамалы пәтерде қылмыс жасап, бой тасалаған. Екі баласын өлтірді деген әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданы А.С. Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейін білім беретін сыныпта тәрбиеші болып жұмыс істегені белгілі болды.