Қарағандыда ардагерлер арасында дойбыдан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Жарысқа еліміздің әр аймағынан 11 команда қатысып жатыр. 48 спортшының арасында 80-нің сеңгіріне шыққан қариялар да бар. Ойын 64 торлы тақтада өтеді. Команда мүшелері 7 күн бойы дойбының классикалық және рапид түрі бойынша бақ сынайды.
45 минуттан қарсыластарымызбен 2 ойын ойнаймыз. Содан кейін жедел ойын болады, рапид деп аталады. 10 минуттан тез-тез ойнаймыз. Бұл жерде ойланып отыруға уақыт болмайды. Қарсыластарымыз өте мықты. Бірақ енді ойынға қатысқан адам жеңемін деп келеді. Үмітіміз үлкен, - дейді Жетісу командасының ойыншысы Нүсіпбай Әбдірахым.