Қарағандыда домбырашыларды флешмобқа қосылуға шақырады

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2 Шілде 2024 2024, 14:01
АВТОР
 Қарағанды облысының әкімдігі 2 Шілде 2024 2024, 14:01
2 Шілде 2024 2024, 14:01
674
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандыдағы орталық саябақтың жағалауында 7 шілдеде сағат 12:00-де 500 домбырашы бір мезгілде Түркештің "Көңілашар", Құрманғазының "Сарыарқа" және "Балбырауын" күйлерін шертеді.

Флешмобты Тәттімбет Қазанғапұлының "Сарыжайлау" шығармасымен Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі ашады. Оған домбыра шерте алатындардың бәрі қосыла алады. Флешмоб Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Толық ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7-705-608-78-88, - делінген хабарламада.

Наверх