Қарағанды тұрғындарын маусымның соңғы демалыс күндерін қалалық саябақтар мен мәдениет үйлерінің алаңдарында көңілді өткізуге шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, концерттік және спорттық бағдарламалар дайындалды.
29 маусым
Орталық саябақ
12:00 – "Жастар әлемі" фестивалі.
30 маусым
Орталық саябақ
10:00 – зумба жаттығуы;
15: 00 – "Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі" акциясы;
18:00 – SOUND вокалдық студиясының әртістерінің қойылымы.
Майқұдық Саябағы
15:00 – "Әуен", "Мерей" ансамбльдерінің және "Аққу" фольклорлық-хореографиялық ансамблінің концерттік бағдарламасы (Қали Байжанов атындағы к/о);
17:00 – "Тәттімbend" вокалды-аспап ансамблінің концерттік бағдарлама.
Теміржолшылар МҮ алаңы
17:00 – халық музыкалық аспаптарында орындаушылардың концерттік бағдарламасымен "Этнодискотека" байқауы.
"Молодежный" МҮ алаңы
17:00 – "Ниагара", "Армандастар" және "Ветер перемен" вокалды-аспаптық ансамбльдердің "Ән салатын гитаралар" концерттік бағдарламасы.