Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда орталық саябақта велосипед мінген ер баланың үстіне жарық бағанасы құлады, деп хабарлады EKaraganda.
3 маусымда сағат 12.35-те орталық саябақта велосипедпен жүрген он жасар баланың үстіне жарық бағанасы құлады. Салдарынан ол медициналық мекемеге жеткізілді, - деді Қарағанды облысы полициясының баспасөз қызметі.
Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен баланың жағдайына қатысты ақпарат берді. Дәрігерлердің айтуынша, оған «Жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың шайқалуы» диагнозы қойылған.
Қажетті ем-дом жасалғаннан кейін бала үйіне жіберілген.
Бұл фактіні полиция тіркеді, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.