Қарағандыда анасы мен қызын өлтірген күдікті өлі күйінде табылды

Алдын ала болжам бойынша қос кісі өліміне күдікті өзіне қол салған.

 ©BAQ.KZ архиві Бүгiн 2026, 16:58
Бүгiн 2026, 16:58
154
Фото: ©BAQ.KZ архиві

Қарағандыда әйел мен оның қызының өліміне қатысты күдікті Ақтоғай ауданында өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол салған. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы аумағында жедел-іздестіру шаралары барысында 39 жастағы ер адамның мәйіті анықталған. Ол бұған дейін Қарағанды қаласында әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікке ілінген.

Алдын ала болжам бойынша ер адам өзіне қол салған.

Полицияның мәліметінше, күдікті өз атына тіркелген қаруды пайдаланып, өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған дерек бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Бұған дейін Қарағанды қаласындағы пәтерлердің бірінен 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының  мәйіттері табылған болатын. Сараптама олардың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екенін көрсеткен.

Аталған қылмыс қоғамда үлкен резонанс тудырып, күдіктіні ұстау бойынша ауқымды іздестіру шаралары жүргізілген еді.

Наверх