Қарағандыда анасы мен қызы аяусыз өлтірілді: Күдікті анықталды

Екеуінің де денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

 ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 13:18
Бүгiн 2026, 13:18
99
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Қарағандыда пәтерден әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының мәйіттері табылды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің жеке басы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қайғылы оқиға 26 наурыз күні қаладағы Крылов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған қызының денелері табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, екеуінің де денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Күдікті – марқұм әйелдің бірге тұрған адамы

Өңірлік полиция департаменті аталған іске қатысты редакциямызға пікір білдірді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің жеке басын анықтаған. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Қарағанды облысының Полиция департаменті.

Көршілердің айтуынша, күдікті марқұм әйелмен бірге тұрған ер адам болуы мүмкін.

Тергеу жүріп жатыр

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Құзырлы органдар қылмыстың себептері мен нақты жағдайларын анықтап жатыр.

Наверх