Қарағандыда алып 3 қыз бала дүниеге келді

27 Тамыз 2024, 16:50
3262
Бөлісу:
Қарағандыда алып 3 қыз бала дүниеге келді
Фото: pixabay.com/ru

Қарағандының перинаталды орталығында екі күнде салмағы 5 келіден асатын 3 қыз бала дүниеге келген. Дәрігерлерді алып балалардың көптеп туылуы алаңдатуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық клиникалық аурухананың перинаталды орталығында тамыз айында 3 бірдей алып қыз бала өмірге келген. Кесір тілігі арқылы туылған балалардың салмақтары 5420, 5220, 5070 келі. Қазіргі уақытта нәрестелердің де, аналарының да жағдайы жақсы. Олар перзентханадан үйлеріне шығарылған.

Жыл басынан бері №2 перинаталды орталықта салмағы 4 келіден асатын 59 алып бала туылды. Оның жетеуіның салмағы 5 келіден асады. Мұндай шақалақтар алып бала болып саналады. Тамыз айының екі күнінде аталған орталықта салмағы 5420, 5220 және 5070 келі болатын тағы да 3 қыз бала туылды. Қазір олардың жағдайы жақсы, нәрестелер анасымен бірге перзентханадан шығарылды, - дейді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Абдиева.

Қарағандылық дәрігерлерді алып балалардың көптеп туылуы алаңдатады. Себебі, іштегі нәрестенің ірі болуы ана мен баланың денсаулығына қауіп төндіріп, босану кезінде жатырдың жыртылуына және баланың жарақат алуына әкелуі мүмкін.

Іштегі нәрестенің үлкен болуы көп жағдайда жоспарлы немесе шұғыл кесір тілігін жасауға әкеледі. Бұл әйел адамның жамбас сүйегі мен бала басының көлемінің сәйкес келмеуі салдарынан болады. Сондай-ақ, іштегі баланың үлкен болуы ананың ағзасындағы зат алмасу процесінің бұзылуына әкеледі, - дейді Абдиева.

Дәрігерлер алып балалардың туылуына әйел адамдардың дұрыс тамақтанбауы, зиянды әдеттері мен стресс жағдайы себеп болатындығын айтады.

Өзгелердің жаңалығы