Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды

Бүгiн, 04:25
160
Бөлісу:
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
Фото: скрин

Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дәрігерлер үйі ақ халаттылардың жұмыс орнына да жақын. Қала орталығындағы облыстық балалар ауруханасы жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға толығымен жөнделген. Бір және екі бөлмелі пәтерлер тұруға дайын.

Жобаның жүзеге асырылу барысын «AMANAT»партиясының депутаттары бақылады.

Барлығы жөнделді. Партияның бақылау комитеті мердігерлерге ескерту жасап барлығын қадағалады. Мұндай бағдарламалар бізге өте қажет. Олар адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартады, - деді қалалық мәслихат депутаты, "амаnat" фракциясының мүшесі Равиль Садыков.

Өзгелердің жаңалығы