Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді

Бүгiн, 09:07
124
Бөлісу:
Қарағандыда 30 килограмнан астам есірткі заттары тәркіленді
Фото: ҰҚК

Күдіктілердің мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру аясында қала тұрғындарын ұстады.

Күдікті тұлғалардың тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында салмағы 30 килограмнан астам есірткі заттары табылды.

Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу барысы Қарағанды облысы прокуратурасының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы