Қарағандыда 25 жастағы қыз төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақпаратты Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазған болатын. Кейін Instagram әлеуметтік желісінде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.
Әйел айқайды естіп, көшеге жүгіріп шыққан, онда... Бір жігіттер болған, олар қашып кеткен. Мүмкін өзі құламай, итеріп жіберген шығар... Пәтер ашық, барлық жер қан, - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.
Ведомство растаған мәлімет бойынша, 25 жастағы қыз Гоголь көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бұл факт полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы қыз комада жатқанын, диагнозы ми жарақаты екенін хабарлады.