Қарағанды жастары пластикалық қақпақтардан облыс картасын жасады

Бүгiн, 16:28
109
Бөлісу:
Қарағанды жастары пластикалық қақпақтардан облыс картасын жасады
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Қаланың орталық саябағында "Өзіңнен баста!” экоакциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жастар пластикалық бөтелке қақпақтарын жинап, оларды спорт дүкенінің сертификаттарына айырбастады. Ал қақпақтар біздің аймақтың картасын жасау үшін пайдаланылды.

Қарағанды жастары пластикалық қақпақтардан облыс картасын жасады

Акцияны Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығы, "Жастар рухы" жастар қанаты және еріктілер ұйымдастырды.

Пластикалық бөтелке қақпақтарын жинау акциясына 30-ға жуық балалар мен жастар қатысты. Олар 500-ден астам пластикалық қақпақтарды жинап, спорт дүкенінен сертификаттар мен термостар алды. Жиналған қақпақтардан біздің облыстың картасы жасалды. Картаны салуға жас суретші және музыкант Жанболат Бабақов көмектесті, суретке еріктілер берген қақпақтар жапсырылды. Енді карта орталық саябақтың жағалауын безендіреді, – деді Қарағанды облысының ЖРО.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, "Өзіңнен баста!" секілді акциялар жасөспірімдер мен қала тұрғындарының экологиялық ойлауын қалыптастыруға, жұртшылықтың назарын табиғатқа ұқыпты қарауға тартуға қызмет етеді.

Қаламыздың әрбір тұрғыны "Өзгені түзеткің келсе – Өзіңнен баста!" ұранын ұстануы тиіс, – деп сенеді олар.

Қарағанды жастары пластикалық қақпақтардан облыс картасын жасады

Қарағанды облысының жастары "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бастамасы шеңберінде өтетін барлық экоакцияларға белсенді түрде қатысады.

Өзгелердің жаңалығы