Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды тұрғынын пойыз қақты

8 Шілде 2025, 19:07
847
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қарағанды маңында әйелді пойыз қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Қарағанды-Сұрыптау — Ағадыр аралығындағы теміржол учаскесінде болған. 

Пойызының машинисі теміржол бойындағы адамды көрген бетте тежегішті басқан.  Бірақ, машинист жылдам әрекет етсе де төтенше жағдайды тежеу мүмкін болмаған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен әйел алкогольді мас күйде болған.

Оқиға салдарынан әйел аяғын сындырып, Қарағанды-Сұрыптау станциясында медицина қызметкерлеріне тапсырылды, - деп жазылған ҚТЖ хабарламасында.

Апатқа байланысты пойыз қозғалысы 18 минутқа кешіктірілді.

"Қазақстан темір жолы" компаниясы оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, материалдар құқық қорғау органдарына берілгенін хабарлады.

Компания азаматтарды теміржолды кесіп өту ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгенің өмірін қауіпке тікпеуге және пойыз жүретін аймақтарда барынша мұқият болуға шақырады.

Еске салайық, бүгін Астанада жедел жәрдем көлігі аударылып қалғанын хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы