Қарағанды шахтасында бір жұмыскер үйіндінің астында қалып қойды

6 Тамыз 2023, 15:15
1117
Бөлісу:
Қарағанды шахтасында бір жұмыскер үйіндінің астында қалып қойды
Фото: Арман Мухатов

«Шахтинск» шахтасында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін таңертең бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде 34 жастағы жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойған.

6 тамызда «Шахтинск» шахтасында зәкірді бұрғылау кезінде кенжардың жоғарғы бөлігінен тау-кен массасының шоғыры опырылып, құлаған. Салдарынан үңгуші жарақат алды, - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі.

УПР-1 учаскесінің қызметкерлері үңгушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден оны шахтаның бетіне шығарған. Содан кейін реанимациялық-шокқа қарсы топ бригадасы зардап шеккен кеншіні Қарағанды қаласындағы Х. Мақажанов атындағы клиникаға жеткізген.

Қазіргі уақытта іс тергелуде, деп толықтырды «АрселорМиттал Теміртау» АҚ.

Өзгелердің жаңалығы