Қарағанды қаласының әуежайында дұрыс декларацияланбаған ірі мөлшердегі жүк анықталды

26 Тамыз 2022, 17:01
837
Бөлісу:
Қарағанды қаласының әуежайында дұрыс декларацияланбаған ірі мөлшердегі жүк анықталды

Гонконгтан Қарағанды қаласының «Сары-Арқа» әуежайына әуе бортымен келген жүктің дұрыс декларацияланбағанын 2022 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Қарағанды» кеден бекетінің қызметкерлері анықтаған, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, ­ұсынылған тасымалдау құжаттарын талдау барысында кедендік тасымалдаушы халықаралық почта жөнелтілімдері түрінде жалпы массасы 19 тонна шоғырландырылған экспресс жүк тауары анықталды.

Кедендік ресімдеу регламентіне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдері Кедендік бақылау нысандарынан жеңілдетілген тәртіппен өтеді. Коммерциялық жүктер кедендік бақылаудың барлық нысандарын қолдана отырып, кедендік ресімдеуден өтеді. Тиісінше, халықаралық почта жөнелтілімдері түріндегі коммерциялық жүкті декларациялай отырып, декларант кедендік бақылаудан жалтарады. Бұл ЕЭК Шешімдерін бұзу болып табылады.

Қазіргі уақытта халық тұтынатын дұрыс декларацияланбаған тауарларға қатысты кедендік тексеру жүргізілуде, оның ішінде - қол сағаттары, компьютерлік пернетақта, балалар арналған заттар және т.б. бар.

Осыған байланысты, материалдар Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің автоматтандырылған ақпараттық деректер қорының есебіне тіркелген.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Кеден кодексінің 34-бабына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда екенін еске салады.

Өзгелердің жаңалығы