Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов пен Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Шакенов қаланың іргелес аумағына әуеден барлау жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ баспасөз қызметі хабарлағандай, қаланың Михайловка бөлігі, Федоров су қоймасы, саяжай қоғамдары, Соқыр өзендерінің арналары, Көкпекті, Солонка, Оңтүстік-Шығыс секторы, Күнгей ауданы, Тәттімбет - Мұқанов көшесінің іргелес дала белдеуі және Рабочий кенті зерттелді.
Ұшу барысында қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде канал салу бойынша жүргізілген жұмыстар, сондай-ақ ұзындығы 7,2 км Рабочий кентінде Солонка өзенін санациялау және қорғаныс білігін салу бойынша жұмыстар қаралды.
Өзендер қысқы режимде, қар жамылғысы шамамен 50% құрайды.