Қарағанды облысының тұрғындары мобильді жұмыспен қамту пункті арқылы жұмысқа орналаса алады

4 Наурыз 2022, 12:03
1602
Бөлісу:
Қарағанды облысының тұрғындары мобильді жұмыспен қамту пункті арқылы жұмысқа орналаса алады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жылжымалы жұмыспен қамту орталығы – халық арасында мобильдік жұмыспен қамту пункті деп аталады. Ол тоқсан сайын Қарағанды облысының шалғай ауылдарын аралап шығады. 

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандар тұрғындарға қандай бос жұмыс орындары бар екенін және мемлекеттік бағдарламалар бойынша өз ісін қалай ашуға болатынын айтып береді.

Қарағанды облысының тұрғындары мобильді жұмыспен қамту пункті арқылы жұмысқа орналаса алады

Бұл жолы жұмыспен қамту орталығы Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде болды. Жылжымалы қызмет алғашқылардың бірі болып көп балалы ана Вера Копельге жұмыс табуға көмектесті.

Қарағанды облысының тұрғындары мобильді жұмыспен қамту пункті арқылы жұмысқа орналаса алады

Мен Ботақараға Красная Нива ауылынан өз шаруаларыммен келген едім. Ойламаған жерде мобильді жұмыспен қамту орнын көріп, кеңес алуға бел будым. Екі айға жуық жұмыссыз жүрген болатынмын, ал біздің ауылда оны табу оңай емес. Осылайша, мен қоғамдық жұмыстарға жолдама алдым, – деді әйел.

Қарағанды облысының тұрғындары мобильді жұмыспен қамту пункті арқылы жұмысқа орналаса алады

Төлеу Жалбыров Белағаш ауылының тумасы. Ауыл тұрғыны қайта оқуға өтініш бергенін айтады. Оның слесарь ретінде тәжірибесі бар.

Мен бұрын слесарь болып жұмыс істеген едім, бірақ жұмыстан шығуға мәжбүр болдым. Қазір қайта оқытудан өтіп, өз ауылымнан жұмыс тапқым келеді. Бізде жаңа мамандықты тегін игере алатын осындай бағдарламаларды бары өте тамаша. Жұмыс істеуге ниетіңіз болса, барлығына жол ашық, – дейді Төлеу Жалбыров.

Қарағанды облысының тұрғындары мобильді жұмыспен қамту пункті арқылы жұмысқа орналаса алады

Ботақарадан кейін жылжымалы жұмыспен қамту орталығы шалғай ауылдарға барды.

Қарағанды облысының тұрғындары мобильді жұмыспен қамту пункті арқылы жұмысқа орналаса алады

Әрбір қала мен ауданда Жұмыспен қамту орталықтарының жанында Мобильді пункттер бар, олар өз кестесі бойынша жақын маңдағы және шалғай ауылдарға барады. Олар адамдарға жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып береді. Сондай-ақ, барлық жерде жұмыссыздар үшін бос орындар жәрмеңкесін өткіземіз. Бұл шаралардың артықшылығы – жұмыссыздардың бізге келуін күтпейміз, керісінше оларға жұмысты өзіміз ұсынамыз, – деп атап өтті Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар.

Сондай-ақ, жұмыссыздықпен тиімді күресу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығы Ботақара мәдениет үйіне жұмыс берушілер мен ізденушілерді жинады. Бос жұмыс орындарын аудандық орталық аурухана, «Recycling Company» ЖШС, «Кузнецкий», «Сәт көмір» разрездері, Бұқар жырау агротехникалық колледжі, «Ботақара су қожалығы» КМК, Сары-Арқа әуежайы өкілдері ұсынды.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында барлығы 6 300 бос жұмыс орны бар.

Өзгелердің жаңалығы