Аймақтың моноқалалары тұрғындарының барлығы дерлік таза ауызсумен қамтылмаған. Қала тұрғындарының тек 98,8%-ның таза ауызсу тұтынуға мүмкіндігі бар, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Моноқалалардағы су құбырлар желісінің 60%-дан астамы жаңартуда талап етеді.
Моноқалалардың инженерлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында жыл сайын бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі өсіп келеді. Соңғы 5 жылда қаржыландыру көлемі төрт есеге өсіп, 2023 жылы 20 миллиард теңгеге жеткен. Қалаларды таза ауызсумен қамтуға бөлінген қаржының көлемі 4,2 млрд теңге. Биыл аймақтағы бірнеше моноқаладағы су құбырлары жаңартылады. Жалпы 8 жоба жүзеге асырылып, 52 шақырым су құбырлары жаңартылмақ.
Қарағанды облысының қалаларындағы су құбырлары желісінің ұзындығы 2513 шақырым. Оның алпыс пайыздан астамы ескірген. Жалпы қала тұрғындарының 98,8 пайызы, яғни 914 886 адамның таза су тұтынуға мүмкіндігі бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 1 қыркүйектегі Жолдауында қалалар мен ауыл тұрғындарын 5 жыл ішінде толықтай таза ауызсумен қамту бойынша тапсырма берген болатын. Алға қойған міндеттерді орындау мақсатында 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын-үй коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында биылғы жылы қаржыландырудың әртүрлі көздерінен 4,2 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржы 8 жобаны іске асыруға жұмсалып, 52 шақырым су құбырлары жаңартылатын болады, - дейді Қарағанды облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев.
Басқарма басшысының мәліметінше, ағымдағы жылы респбулиликалық бюджет есебінен 75 шақырым су құбырларын жөндеу үшін 3,4 млрд теңге бөлінген.