Қарағанды облысының бюджеті қай салаларға қайта бөлінді

23 Қараша 2022, 20:25
666
Бөлісу:
Қарағанды облысының бюджеті қай салаларға қайта бөлінді

Қарағанды облысында 2022 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақша әлеуметтік салаға және экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталды. Шығыстардың өзгеруін облыстық мәслихат депутаттары кезектен тыс, XX сессияда бекітті.

Қаржы басқармасының басшысы Людмила Башарина білім беру бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда жан басына шаққандағы қаржыландыруға, облыс мектептеріндегі 1—4 сынып оқушыларына арналған тамақтануға шығындар қарастырылғанын атап өтті. Сонымен қатар, патронат тәрбиешілер мен қамқоршыларға жәрдемақы төленеді.

Аймақта чемпиондар көбейіп, үздік спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау үшін ақша қосылды.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек экономиканың нақты секторын дамытуға баса назар аударылғанын атап өтті.

Өте маңызды мәселелер шешіліп жатыр. Қаражат облыс ішіндегі әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға бағытталған. АӨК субъектілеріне пестицидтерді сатып алу және инвестициялық салымдар кезінде шығыстардың бір бөлігін өтеу субсидияланады. Саран қаласында РТИ ауданындағы үйді қайта жөндеуді аяқтау қаржыландырылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы