Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды

16 Шілде 2022, 11:21
1298
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы – Екатеринбург тас жолында MAN жүк көлігі мен Mercedes Sprinter жолаушылар микроавтобусы соқтығысты. Mercedes-тің салонында 17 адам болған.

Қарағанды облысы ПД мәліметінше, 16 шілдеде сағат 03:20 шамасында Шет ауданында ауыр жол апаты орын алды. Шағын автобус Алматыдан Қарағандыға бағыт алған.

Оқиға орнында жеті адам қаза тапты, тағы бір жолаушы ауруханаға барар жолда көз жұмды. Әртүрлі дене жарақатын алған тағы тоғыз адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, микроавтобустың жүргізушісі ұйықтап кеткен.

Аталған факт полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Өзгелердің жаңалығы