Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ТЖМ сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал ауылдарында қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты аумақта жалпы 40 үйді су басып, 292 адам, оның 114 бала эвакуацияланды.
1 сәуірде Шет ауданының Қайрақты ауылының 67 тұрғыны мен Ақсу ауылының 119 тұрғыны өз үйлеріне оралды.
Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істейді, толып кетудің алдын алу мақсатында су төгінділері жүргізілуде. Қарағанды облысының Самарқанд, Интумак, Шерубай - Нұра су қоймаларынан төгінділердің ұлғаюына байланысты су төгетін жерден төмен орналасқан Абай, Бұқар Жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде біліктерді нығайту және қаптарды төсеу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өткен тәулікте ТЖД, Қорғаныс министрлігінен, ІІМ және ЖАО 812 адам, 89 бірлік техника, 23 мотопомпа мен су сору құрылғысы жұмылдырылды. Тұрғын үй аумақтарын су басуына жол беримеу үшін 32 мыңнан астам м3 су сорылды. Елді мекендерде 45 мыңнан астам қап, 290 тонна инертті материал төселді.
Төтенше жағдайлар департаментінде су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді: 87212 51-11-10.