Қарағанды облысындағы аудандық аурухана жоқ адамдарға ақша бөлген

12 Маусым 2024, 16:47
262
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы аудандық аурухана жоқ адамдарға ақша бөлген
Фото: BAQ.KZ - архив

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының прокуратурасы іс жүзінде жоқ адамдарға амбулаториялық-емханалық көмекке қаржы есептеу фактісін анықтап, бюджетке 7 миллион теңгеден астам соманы қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұқар жырау ауданының прокуратурасы Бұқар жырау аудандық ауруханасының соңғы үш жылдағы қызметіне тексеру жүргізді. Осы тексеру барысында амбулаториялық-емханалық көмекке қаржыны заңсыз есептеумен байланысты өрескел бұзушылықтар анықталды.

Прокурорлар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кеткен, алайда оларға азаматтардың жан басына шаққандағы кешенді стандарты бойынша қаржыландыруды есептеу жалғастырылған 87 адамды анықтады. Бұл бұзушылық бюджет қаражатын заңсыз пайдалануға жол берген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аудандық аурухана мемлекеттік бюджетке 7 млн теңгеден астам соманы қайтарды. Үш лауазымды тұлға тәртіптік, екі лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы