Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты

14 Қазан 2024, 17:47
730
Бөлісу:
Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты
PHOTO
Фото: автордан

Қарқаралы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, азаматтық қоғам майоры Нұршат Қайыр Қарағанды облысындағы өрттің қалай өшірілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жалпы, Қарқаралы ауданына қарасты, Егіндібұлақ ауылында өрт сөндіру бекеті орналасқан. Біз өрттің басталғаны жөнінде хабарды 6 қазан күні таңғы сағат 4-5 аралығында алдық. Сол кезде өрт сөнідіру бекетінен бір автокөлік, 3 адамды жұмылдырдық. Олар Қоянды ауылынан шығыс бағытқа қарай 10 шақырым жол жүрді. Өрт сөндірушілердің қолында спутниктік телефон болды, өйткені ол жерде ұялы байланыс жоқ. Азаматтар бізге аумақтағы өрт жөнінде баяндап отырды, - деді Нұршат Қайыр.

Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты

Оның сөзінше, тілсіз жау басталған кезде елді мекенде қажетті техника жеткіліксіз болған. Қосымша Қарқаралы қаласының өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері мен төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері тартылған.

Өрт аумағы өте үлкен болды. Өрт орнына техникалар бара алмады. Өрт сөндірушілеріміз техникаларын алыс жаққа тастап, жеке құрамда өрт орнына жаяу баруға тура келді. Өйткені өрт шарпыған аймақ таулы әрі көп тастан тұрды. Желдің бағыты жиі өзгеріп, 10-15 м/сек жетті. Аудан бойынша басшы ретінде оқиға орнына жеткен соң, жан-жақты жағдайды бағалап, кейін шешімге келдік. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінен қосымша жеке құрам мен техникалар сұраттық. Қосымша күш дер кезінде жетті, - деді ол.

Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты

Төтенше жағдай өкілі Ақмола, Абай және Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкелері мен сарбаздар көмекке келгенін айтады.

Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты

Рация арқылы бүкіл құраммен байланыста болдық. Соның арқасында Шарықты ауылдық округі мен Қоянды ауылында орналасқан 7 елді мекен мен 11 қыстаққа даладан келген өрт таралған жоқ. Айта кетпесе болмас, бізге елді мекен тұрғындары мен еріктілер көмектесті. 5 тікұшақ көмекке келіп, олар 62 рет су шашу жұмыстарын жүргізді. Тікұшақ өрт аймағына 112 тонна су шашқан. Қазіргі таңда жағдай тұрақты, - деді Нұршат Қайыр.

Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты

ТЖ бөлім бастығының міндетін атқарушы өрттің себебі мен аймақтың шығындары анықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Егіндібұлақ ауылының №27 өрт сөндіру бекетінің бөлімше командирі Уәлихан Рахаділов өрт аймағында 93 бірлік автокөлік техникасы мен 608 адам жұмыс істегенін айтты.

Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты

6 қазан 27-ші өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түсті. Онда Қарқаралы ауданына қарасты Қоянды ауылында өрт болып жатқаны хабарланды. Біздің бөлімше дереу өртті сөндіруге шықты. Таулы аймақ болғандықтан және желдің қатты соққанына байланыста өрт тез бет алды. Оған қарамастан Төтенше жағдайлар қызметкерлері мен ауыл азаматтары бірлесе отырып, өртті тоқтатты. Жалпы, ауданға қарайтын Теректі ауылында мал шаруашылығы жақсы дамыған. Біз 1,5 мың адам мен 33 мың мал басын аман алып қалдық. Әрине, барған кезде түтіннің буынан көзіміз жасаурап, қиналған сәттеріміз болды. Бірақ борышымызды бірінші орынға қойдық, - деді Уәлихан Рахаділов.

Қарағанды облысындағы алапат өрт: маман оқиғаның мән-жайын айтты

Бұған дейін өрт болған Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты елді мекендердің қазіргі жағдайы туралы жазған едік. Сондай-ақ, аталған өңірде болған дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан 33 жастағы өрт сөндіруші-құтқарушы Хайрат Хали туралы тың ақпаратпен бөліскен болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы