Қарағанды облысында «Зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды

28 Қараша 2022, 14:46
795
Бөлісу:
Қарағанды облысында «Зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды

Қарағанды облысында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында«Зомбылыққа жол жоқ» атты акция өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара Қарағандының басты көшелерімен ақпараттық автошеруден басталды.

Шеруді полиция департаментінің, облыстық әкімдіктің, «Мир добра» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері, еріктілер – Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері ұйымдастырды. 

Зорлық-зомбылыққа қарсы эстафетаны Hanshaym әйелдерді дамыту клубы да қабылдады. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен бірлесіп, клуб хендмейд-шеберлер жәрмеңкесін өткізді.

Биылғы жылы зорлық-зомбылықпен күресудің символы қызғылт сары шарлардан құрастырылған гүлдер болды. Олар акцияның бірінші күні таратылды. Сондай-ақ, автошеру мен жәрмеңке барысында зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы 300-ге жуық ақпараттық буклеттер таратылды. Акция жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Зомбылыққа жол жоқ» акциясы қоғам назарын отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларына аударуға, зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсетуге, сондай-ақ зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту шараларына бағытталған.

 

Өзгелердің жаңалығы