Қарағанды облысында жылқы ауруына қатысты зерттеу жүргізіледі

10 Ақпан 2024, 10:11
134
Бөлісу:
Қарағанды облысында жылқы ауруына қатысты зерттеу жүргізіледі

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қарағанды облысында жылқылардың ауруына қатысты зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдың мамырынан бастап Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында жылқылардың эпизоотиялық лимфонгоиті бойынша карантин енгізілген болатын. Осы уақыт ішінде республикалық бюджеттен өтемақы төлей отырып, аталған елді-мекендегі 185 бас жылқы жойылды. Карантиндік іс-шаралар жалғасын тауып отыр.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2024 жылдың 15 қаңтарында Е.Бековтың „Ержан“ ШҚ-дағы 2 бас жылқыда эпизоотиялық лимфангиттің клиникалық белгілері байқалғаны туралы ақпарат жарияланғанды. 16 қаңтарда 2 бас жылқыдан сынама алынып, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты „Республикалық ветеринарлық зертхана“ ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалына жеткізілді. Зертхананың талдау нәтижесі — теріс», — делінген АШМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында мамандар Төрткөл ауылының тұрғыны М.Жұмаділдің жылқыларынан екі сынама алды. Бұған дейін, 2023 жылғы 9 қазанда осы кісіге тиесілі 5 бас жылқыдан сынама алынып, «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалына жіберілген болатын. Ол кезде де талдау нәтижесі «теріс» деп көрсетіліпті.

Үмiткер ауылдық округiндегi эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi арнайы комиссия құрды, оның құрамына келiсiм бойынша «Ветеринария жөнiндегi ұлттық референттiк орталық» ШЖҚ РМК, ҚР АШМ мамандары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Ғылыми биологиялық қауіпсіздік проблемаларының зерттеу институты» қызметкерлері енгізілді.

Арнайы комиссия 2024 жылдың 2-3 ақпанында мониторинг жүргізу үшін Үміткер ауылдық округіне барды. Олар Үміткер, Төрткөл, Үлгі ауылдарындағы сау, жайылымда жүрген және ауру жылқылардан биологиялық және патологиялық материалдар сынамаларын алды. Сондай-ақ, мамандар жергілікті тұрғындармен кездесті, - деп жазады аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.

 

Өзгелердің жаңалығы