Қарағанды облысында жұмыртқа өндірісі ұлғаяды

6 Ақпан 2023, 12:48
898
Бөлісу:
Қарағанды облысында жұмыртқа өндірісі ұлғаяды
Фото: Қарағанды облысы әкімдігінен

Қарағанды облысында "Майқұдық жұмыртқалары" құс фабрикасы айналымын арттырып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұқар Жырау ауданы Доскей ауылындағы кәсіпорын өткен жылы жұмысын қайта бастады. Өндірісті жаңғыртуға миллиард теңгеден астам қаржы салынды.

Зауытқа барып, оны одан әрі дамыту жоспарымен облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев танысты.

Өңір басшысына өнім өндірісі біртіндеп өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Зауыт Қарағандының сауда желілеріне арзан бағамен жұмыртқа жеткізеді және алдағы уақытта көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Өндіріс қуаттылығы – жылына 100 млн дана жұмыртқа және шамамен 600 мың бас тауық.

Құс фабрикасында жұмыртқаларды тасымалдайтын "Анаконда" атты автоматтандырылған жүйе жұмыс істейді. Ол өндіріс ошағында қолмен жасалатын жұмысты азайтуға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік цехтардан жұмыртқалар автоматты транспортер бойынша сұрыптауға түседі.

Балапандар шығару үшін жаңа желілер мен инкубация цехын іске қосу жоспарлануда. Кәсіпорында қазір 100 адам жұмыс істейді. Өндірісті кеңейту қосымша жұмыс орындарын қамтамасыз етеді.

Өзгелердің жаңалығы