«Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 180-шақырымында, Теміртау қаласы маңында жолаушылар автобусы техникалық ақауға ұшырады. Оқиға туралы хабарлама 112 пультіне түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, автобуста болған 32 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Жолаушылар жылыту пунктіне жеткізілді. Олардың арасында Қытайдың 2 және Өзбекстанның 2 азаматы бар.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Эвакуацияланғандар құтқарушыларға дер кезінде көрсетілген көмек пен жедел әрекеттері үшін алғыс айтты.