Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қарағанды облысында жоғалған ер адамдар аман-есен табылды

Бүгiн, 02:34
175
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында төрт ер адам Балқаш қаласынан Саяқ кентіне қарай жолға шығып, бағытынан адасып, байланысқа шықпаған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ құтқарушылары жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, азаматтарды Саяқ кенті мен «Шөлқызыл» кен орны аралығынан тапты. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы