Қарағанды облысында жедел жәрдем көліктеріне камера орнатылған

Қылмыстың алдын алу маңызды. Қарағанды облысында жедел жәрдем көліктеріне жаппай бейнекамера орнатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап.

10 Желтоқсан 2024 2024, 11:54
АВТОР
 BAQ.KZ  архив 10 Желтоқсан 2024 2024, 11:54
10 Желтоқсан 2024 2024, 11:54
424
Фото: архив

Қылмыстың алдын алу маңызды. Қарағанды облысында жедел жәрдем көліктеріне жаппай бейнекамера орнатылған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24kz-ке сілтеме жасап. 

Оған себеп – былтыр медициналық қызмет бригадалары мен тұрғындар арасында 46 рет кикілжің болған. Соның ішінде жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жығу бойынша бұзақылық әрекет сотқа дейін жетіп, кінәлі жазаланды. Көліктерге бейнебақылау осындай жайттардан соң қойылған. 

Бастапқыда кеншілер қаласындағы 80 автомобильге орнатылса, енді өңірге қарасты аудандардағы жедел жәрдем станцияларының автопаркі де қамтылып отыр. Бұл өз кезегінде бригадалардың қауіпсіздігін ғана емес, жұмыс барысын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

 

Наверх