Қарағанды облысында жаңа Қоғамдық кеңес сайланды

17 Наурыз 2022, 17:50
2999
Бөлісу:
Қарағанды облысында жаңа Қоғамдық кеңес сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі жаңарып, жасарды. 38 мүшенің ішінде азаматтық сектор мен партия өкілдері, кәсіподақ көшбасшылары, бизнесмендер, журналистер бар.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңес құрамын облыстық мәслихат депутаттары кезекті XXXV сессияда бекітті.

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ғабит Тұяқовтың айтуынша, кандидаттарды ұсыну кезінде азаматтық сектор мен жастардың белсенділігі жоғары болды, барлық үміткерлерге тең жағдай жасалды.

Қоғамдық кеңеске конкурстық қабылдау туралы хабарландыру облыстық БАҚ-та, облыстық мәслихаттың сайтында және әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 27 ақпанда жарияланды. 84 өтініш түсті. Өз кандидаттарын қоғамдық бірлестіктер мен партиялар, ұжымдар ұсынды. Және өзін өзі ұсынғандар да болды. Үміткерлердің 73-і әңгімелесуден өтті, 11-і қандай да бір себептермен келген жоқ. Барлық қатысушылар үшін бірдей сұрақтар тізімі жасалды, – деп түсіндірді Ғабит Тұяқов.

Қоғамдық кеңестің жаңа құрамында облыстың 11 өңірінің өкілдері бар. Жастар үлесі – 21%. Бес партияның өкілдері: "Аманат", "Адал", "Ақ жол", "Ауыл", ҚХП. Ерлер – 25, әйелдер – 13.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушылардан бос орындар пайда болған жағдайда 18 адамнан тұратын резервтік тізім жасалды.

Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің құрамы

1. Әбілда Әбдікәрімов, "Қуатты Күш" мүгедектер қоғамы" РҚБ өкілі.

2. Майра Абдрахманова, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрайымы.

3. Қайрат Әбілдинов, "Егемен Қазақстан" газетінің тілшісі.

4. Серғазы Әдекенов, "Фитохимия" халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі" АҚ Бас директоры.

5. Ербол Әліқұлов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

6. Бекзат Алтынбеков, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты.

7. Сұлтанғали Асан, "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі Жастар қанатының төрағасы.

8. Әсел Атабаева, "ADAL" саяси партиясы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы, "Атамекен" ҰКП бизнес-тренері.

9. Талғат Ахметов, "Santehplast" ЖШС филиалының директоры.

10. Меруеш Башай, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі, "Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, "Отандастар" қоры фронт-кеңсесінің бас сарапшысы.

11. Бауыржан Бегенов, "Азамат-Агро" ш/қ басшысы.

12. Евгений Буслаев, "Қорғау" көміршілер кәсіподағы" ҚБ төрағасы.

13. Увайс Джанаев, "Construction Training Resources" ЖШС директорының орынбасары

14. Ботагөз Дүйсенбаева, "101 tv.kz қоғамдық интернет-теледидар" ақпараттық агенттігінің журналисі.

15.Марал Елубаева, "Қарағанды медицина университеті" КЕАҚ Халықаралық медицина факультеті деканының академиялық жұмысы бойынша орынбасары.

16. Игорь Жабяк, "Шанс" ш/қ басшысы.

17. Гүлнар Жақсыбаева, "Новое время" ЖМ директоры.

18. Айсұлтан Жақыпов, "Қоғамдық келісім" КМК баспасөз қызметі.

19. Болат Жұмабеков, ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы.

20. Нұрхан Жұмабеков, Абай тігін фабрикасының басшысы.

21. Айжан Қиясова, "PORTUS" ЖШС директоры және құрылтайшысы.

22. Ләззат Қожахметова, "Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдау орталығының директоры, "Қарағанды хабары" газетінің редакторы.

23. Татьяна Кравченко, "Лучик надежды" ҚҚҚ төрағасы.

24. Гүлнар Құрбанбаева, "Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы" ҚБ президенті.

25. Алексей Ломакин, Теміртау қалалық мәслихатының хатшысы.

26. Анастасия Машнина, "Новый Вестник" газетінің тілшісі.

27. Руслан Никонович, "Новое телевидение" телеарнасының директоры.

28. Ниқанбай Омарханов, зейнеткер.

29. Аманжол Оразалинов, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС дизель учаскесі басшысының орынбасары, "Altyn Shanyraq 1917" ҚБ құрылтайшысы.

30. Дмитрий Полтаренко, "Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы" Қауымдастығы" ЗТБ президенті.

31. Татьяна Савицкая, "Озарение" ҚҚ президенті, "Диалог" жанжалдарды шешу орталығы" ЖМ директоры.

32. Жәнібек Садықанов, "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" АҚҚОФ директорының орынбасары – бас редакторы.

33. Данара Смайыл, "SaryArqa Co" ЖШС директоры және құрылтайшысы.

34.Нияз Сүндіталиев, "Qamqor plus" мүгедектер ҚБ төрағасы.

35. Болат Сыздық, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру және ілгерілету кабинетінің доценті.

36. Ержан Тоқымбаев, "Сәтбаев жылу және сумен қамтамасыз ету кәсіпорыны" ЖШС директоры.

37. Марат Түсіпов, "Эколайв" ЖШС басшысы.

38. Жанболат Хұшкелдиев, Әл-Машани мешітінің бас имамы.

Өзгелердің жаңалығы