Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесі әшкереленді

18 Қазан 2022, 15:49
1090
Бөлісу:
Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесі әшкереленді

Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған өңір тұрғынының қызметі әшкереленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша «STOP-игра» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде «Покер» карта ойыны түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қарағанды облысы тұрғынының қызметін әшкереледі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында департамент қызметкерлері Қарағанды облысы ПД «СОБР» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп Қарағанды қаласының қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметін әшкереледі.

Тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, покер фишкалары, ойын карталары, покер жиынтығы және «Покер» ойнауға арналған үстел табылып және тәркіленді.

Тергеу барысында ойын бизнесін ұйымдастырушы материалдық пайда алу мақсатында карта ойынына кіру және ойын фишкаларына айырбастау үшін белгіленген бастапқы ақшалай мөлшерлемемен ақша қаражаты үшін фишкаларды сату арқылы құмар ойындар өткізілгені анықталды, мұнда ұйымдастырушының пайыздық пайдасы 3-4%.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Өзгелердің жаңалығы