Үй жануарларын есепке қою – "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңға сәйкес Қазақстанда міндетті рәсім. Әлеуметтік осал санаттарға жататындар үй жануарларын тегін чиптей алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарағанды облысының ветеринария басқармасында "ITCOR-KZ" (деректер базасы) үй жануарларын есепке алудың ақпараттық жүйесін пайдалануға қандай кәсіпорындармен шарт жасалғанын хабарлады.
Барлық басқа иттер мен мысықтардың иелері үй жануарларын ақылы негізде есепке алуға міндетті. Және олар қызметке қайда жүгіну керектігін өздері шешеді. Сондай-ақ, есепке алу әдісін өзіңіз таңдайсыз: чиптеу, білезік немесе қарғы, электронды затбелгі, бирка немесе татуировка. Тіркеу "ITCOR-KZ" үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында жүргізіледі.
Есепке қоймағаны үшін үй жануарларының иелеріне айыппұл салынады – жеке тұлғалар үшін 10 АЕК (36 920 теңге).