Қарағанды облысында табиғи өртті сөндіруге тікұшақ тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалпы, жанған жердің аумағы алдын ала мәлімет бойынша, 150 гектарды құрайды, оның 110-120 гектары сөндірілді.
Өртті сөндіруге су төгетін құбыры бар Қазавиапас тікұшағы жұмылдырылып, көлемі 72 тонна суды 24 рет қатынап септі.
Өртті сөндіруге ТЖД, Ақтоғай орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау бөлімшелерінің, ЕӨСБ және ЖАО, барлығы 114 адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылды.