Қарағанды облысында су тасқынына дайындық жүргізілуде

9 Наурыз 2024, 15:33
624
Бөлісу:
Қарағанды облысында су тасқынына дайындық жүргізілуде
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды ​​облысыда су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыста жағдай тұрақты, өзендер қысқы режимде. Тұрғын үйлерді су басу немесе жолдарда су тасу тіркелген жоқ. Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, қазір облыс аумағының 99% қар жауып тұр. Нұра, Шерубай-Нұра және Тоқырау өзендерінің бассейндеріндегі қардағы су қоры көпжылдық орташа мәндерден 30-49%-ға төмен, - делінген ТЖД таратқан ақпаратта.

Жалпы 2 миллион м3 астам қар шығарылды. 45 км дренаждық траншеялар кесілді, 12 км каналдар, 39 км арықтар, 1908 бірлік су өткізгіш құбырлар мен 207 көпір тазартылды.

Самарқанд су қоймасынан шығыны 2 м3/сек, Ынтымақ су қоймасынан 7 м3/сек санитарлық төгу жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда.

 

Өзгелердің жаңалығы